Сайғақты қорғау бойынша ТМ

Таралу ареалы аумағындағы мемлекеттерде сайғақты аулауға тыйым салынған. Бірақ та, шамадан тыс қолдану бұл түрге төнетін негізгі қауіп болып қала беруде. Түрдің таралу ареалындағы санның азаюын тоқтату, және популяцияның қайта қалпына келтіру бойынша жедел шаралар қажет. 1995 ж. бастап, қарақұйрық бөкені жабайы фауна мен флораның қоныс аударушы түрлерінің халықаралық саудасы туралы Конвенцияның II Қосымшасына  (СИТЕС) енді, бұл, негізінде, оның мүйізін заңсыз сатумен күресудің негізгі құралы. 2002 ж. бірнеше трансшекаралық популяциядан тұратын,Saigatataricaтүршесі, Бонн Конвенциясының II Қосымшасына енді, 2008 ж. толық қосылумен. СИТЕС пен Бонн Конвенциясы арасында Еуразия қырларының бұл белгілі түрін әлемдік сақтауға үлес қосу аясында тығыз қарым қатынас орнатылуда.

IMG_0803

Фото: Alexander Esipov

Бұл түрді сақтау бойынша жүргізілетін жұмыстар, тек қана мекендеу ареалындағы мемлекеттер арасындағы ытымақтастыққа байланысты болады. Бірнеше популяция трансшекаралық болып табылады, және бұл түрдің миграциялық маршруты, жазғы және қысқы маусымдар аралығында 1000 км.-ден асуы мүмкін. Осындай кең мекен ету ареалындағы сақтау бойынша шаралардың дұрыс координациясы үшін, таралу ареалы мемлекеттері арасында, НПО, ғалымдар, жергілікті халық және халықаралық қауымдастық арасында тығыз және жан-жақты ынтымақтастық қажет. Бонн конвенциясы аясында жүзеге асатын, сайғақты сақтаудың өзара түсінісушілік туралы Меморандумы (ТМ), Алматыда, Қазақстан, 2006 ж. қыркүйегінде қол қоюшылардың Алғашқы кездесуінен бастап күшіне енді.

IMG_0825

Фото: Alexander Esipov

Жабайы аңдардың қоныс аударушы түрлері туралы Конвенцияның, қарақұйрық бөкенді сақтаудың өзара түсінісушілік туралы Меморандумы шеңберіне сәйкес, Орта мерзімді халықаралық жұмыс бағдарламасымен қатар (ОХЖБ), приоритеттілігі анықталған, таралу ареалы мемлекеттерінде және сайғақ тауарларының импортымен айналысатын елдерде қарақұйрық бөкенді сақтауды басқарудың әрекеттер тізбегі көрсетілген. ОХЖБ жобасы биологиялық, экономикалық және әлеуметтік зерттеулер, және бірқатар қызығушы жақтар табыстайтын практикалық ақпарат негізінде жасақаталады. Әс-шаралар келесі мақсаттарға жетуге бағытталған:

- Жергілікті халықтың қатысуымен мониторинг жүргізуді қоса, бөлек популяцияның жағдайын мониторлеуді жақсарту 

- Сайғақ таралу ареалындағы мемлекеттердің барлығында өлшемдестік және сәйкес мониторинг әдістерін қолдану 

- Түрдің таралуын, өрісте жайылу және қоныс аудару маршруттарындағы кеңістіктік және уақыттық бағалау   

- Браконьерлікпен күресу

- Тіршіліктері браконьерліктен тұратын ауыл тұрғындары үшін, альтернативті әрекет түрлерін жасақтау; сайғақты жергілікті деңгейде сақтауды дамыту үшін ынталандыруды жасақтау

- Ақпараттануды жоғарылату (аумақтық, халықтық және халықаралық деңгейде)

- Бұзаулау және қайтару орындарына үлкен көңіл бөле отырып, трансшекаралық күзетілетен табиғи территорияларды қоса, аса күзетілетен табиғи территориялардың желісін жақсарту 

- Мүмкін болатын жерде, еріксіздікте өсіру; тәжірибе алмасу
- Сайғақ тауарларын сатумен күресу; СИТЕС қалыптарын орындау

- Егер популяция осындай қолдануды мүмкін ететіндей деңгейге жеткендегі тұрақты қолдануды қоса, сақтау бойынша ұзақ мерзімді шешімдерді бағалау

Жабайы аңдардың қоныс аударушы түрлерін сақтау туралы Конвенция шеңберіндегі ТМ және Әрекеттер жоспарының орындалуына септігін тигізетін шаралар туралы ақпарат жиналып, Конвенция веб-сайты арқылы қызығушылық танытқан қатысушылар мен бөлек адамдарға берілді, сайғақ туралы ақпараттық бюллетеньдер (қарақұйрық бөкенді сақтау Кеңесі ақпараттық бюллетені, ол алты тілде жылына екі рет шығады), және осы сайт арқылы таратылды.